right|px220|thumb

Қорап

Автоматтық беріліс қорабы

Берілістердің ауысуы және ауыстыру сәтін таңдау, жүргізушінің қатысуынсыз өтетін беріліс қораптың бір түрі.

Сатысыз беріліс қорабы

Беріліс саптан өзгеруі баяу, бірсатылы өтетін беріліс қорап.

Білікті-планетарлы беріліс қорап

Планетарлы механизмдерден және жылжымайтын тісті дөңгелектердің осьтерімен тісті механизмдерден тұратын беріліс қорап.

Гидромеханикалық беріліс қорабы

Әдетте сатылы беріліс қорап пен гидродинамикалық берілістен тұратын беріліс қорабы.

Гсқ типты гидромеханикалық беріліс корабы

Тізбектеп қосылған тор гидротрансформатор, фрикционды тіркес, механикалық сатылы берілістен тұратын қорап.

Екі білікті беріліс қорабы

Екі жетектегі және жетекші біліктерде паралель орналасқан механикалық сатылы беріліс қорап пен тісті доңғалақтар.

Диапазонды беріліс қорабы

Алдынғы жүрістің автоматты түрде ауысатын екі (одан да көп) бөлек беріліс топтардан құралған беріліс қорап.

Берілісті жеделдететін берілісі бар қосымша беріліс қорап

Кәдімгі жеңіл автомобильдің беріліс қорабы ол негізгі беріліс қорабында орналасқан және тура жедел беріліс автоматты түрде жүзеге асады.

Сыналы қайысты беріліс қорабы

Ол сыналы ременьді және реверсивті механизмнен құрастырылған.

Құрама беріліс қорабы

Сатысыз және сатылы беріліс қорабы құралған беріліс қорабы.

Механикалық беріліс қорабы (мысалы, тісті) берілістерде өтетін айналдырушы иінді күшті қайта құрайтын беріліс қорап.

Автоматты емес беріліс қорап

Беріліс санның өзгеруі қол күшін жұмсап орындалатын беріліс қорап.

Үйлестірілмеген беріліс қорап

Берілістерді қосу, тістіден гелектерді немесе муфталарды үйлестірушілерді қолданбай, орын ауыстыру арқылы іске асатын беріліс қорап.

Қуат алу берілісінің қорабы

Қуат алу біліктен, жұмыс органына қуатты беруге арналған басқару жүйесінің механизмі.

Беріліс қорабы

Беріліс санын қозғауыш режимін өзгерткеннен көрі кең аралықта өзгертіп, айналдырушы иінді күшті өзгертуге арналған күштік берілістің агрегаты; сонымен қатар береліс қорабы қозғауыш білігін қозғалтқыштардан ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік береді; көліктің көптеген түрінің кейін шегініп қозғалуын да қамтамасыз етеді.

Жүктемемен қосылатын беріліс қорабы

Беріліс сандардың өзгеруі қозғауыш білігімен, трансмиссия алдын ала ажыратылмай өтетін беріліс қорабы.

Тісті доңғалақтардың өстері жылжымайтын беріліс қорабы

Картерде жылжымайтын біліктерге орнатылған тісті доңғалақты беріліс қорабы.

Планетарлы беріліс қорабы

Планетарлы механизмдерден құралған беріліс қорап.

Үлестіруші қорап

Айналдырушы иінді күшті жетекші белдіктер, арбашықтар бүйір берілістері арасында таратуға арналған күштік берілістің агрегаты.

Жетегі қосақталған үлестіруші қорап

Жетектегі біліктермен бірге қосылған таратқыш қорап.

Диференциалды жетегі бар таратқыш қорап

Диференциал арқылы қосылған таратқыш қораппен жетектегі біліктер.

Үйлестірілген беріліс қорабы

Алдыңғы жүрістің барлық берілістерінің қосуы үйлестіргіштермен тісті муфта арқылы жүзеге асады.

Сатылы беріліс қорап

Беріліс сандардың өзгеруі, сатылы өтетін беріліс қорап.

Үш білікті өстес беріліс қорап

Жетекші және жетектегі біліктер өстес және жетектегі біліктің астында аралық білік орнатылған беріліс қорап.

Дифференциал қорабы

Сателлиттер және жартылай өсті дифференциалдың тісті доңғалақтары орналасқан өзара бекітілген екі табақ.

Шанақ қорабы

Артқы жағынан, алғы жағынан және жүргізушілер салонынан, біркелкі атқаратын жүйеден құрылған жеңіл автомобиль кузовының кеңістіктегі бір құрылғысы.

Автобус шанағының қорабы

Алдыңғы жағын, артқы жағын, бүйірінен және төбесін қоса алғандағы автобус кузовының тұмғасы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт