Тарғыл – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Гүлшат елді мекенінің оңтүстік-шығысында З км жерде орналасқан.
Жер бедері Ұзындығы 3,5 км, ені 2,5 км-лік оқшауланған тау массивінен тұрады. Абсолюттік биіктігі 554 м. Оңтүстік беткейі тіктеу келеді.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің ерте, орта бөлімі гранитоид жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау сұр қоңыр топырақ жамылғысында көкпек, қара жусан, т. б. өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары