Қойнауқаттық су қасиеттері - қойнауқаттық суларды сипаттайтын олардың физикалық-химиялық параметрлері: тығыздығы; меншікті салмағы; температурасы; ұлғаюының температуралық коэффициенті; тұтқырлығы; беткейлік тартылыс мөлшері; көлемдік коэффициенті; сығылғыштығы; электрөткізгіштігі; судың мұнайдағы ерігіштігі; газдың судағы ерігіштігі т.б.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ