Жамақаев атындағы көше. Көшеге белгілі қазақ композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Бекен Жұмабекұлы Жамақаевтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 19.09.1995 №202 шешімі) берілген.

Бекен Жұмабекұлы Жамақаев (1931-1972) Семей облысында дүниеге келген. Оның «Махаббат вальсі», «Ертіс вальсі» т.б. музыкалық шығармалары халық арасына кең таралған.

Көше Медеу ауданында орналасқан. Бұрынғы атаулары: Қазақстан Комсомолына 60 жыл көше Мичурин көше Яблочная көше

Көшенің ұзындығы - 2100 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері