thumb|right Көшеге мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясының көсемі, «Алаш-Орда» өкіметінің құрылтайшысы, қазақтың арда ұлы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі (Алматы қаласы әкімінің 28.05.1997 № 278 қаулысы) берілген. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі мәрте Ресей Думасына депутат болып сайланған. Сталиндік репрессия құрбаны.
Көше Жетісу ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып Солтүстік кольцоға дейін созылып жатыр. Рысқұлов даңғылын қиып өтеді.
Бұрынғы атаулары: а)1-ші Аэродромная;
ә)Аэродромная көшесі.
Көшенің ұзындығы - 3 9 5 0 метрАлматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері