Құрманбек Тәжмаханбетұлы Жантасов (1947 қазанның 27-інде Шымкент қаласы) – ғалым, технология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002). КСРО өнертапқышы (1984).
Қысқаша өмірбаяны
1974 - Қазақ химия-технологияның институтын бітірген. 1974 – 75 ж. - Шымкент фосфор зауытында феррофосфор ағытқышы; 1975 – 93 ж. - Қазақ гипрофосфор ғылым-зерттеу институтында инженер, кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім, лаборатория меңгерушісі; 1993 – 96 ж. - қазақ химия-технология институтында аға оқытушы; 1999 – 2002 ж. - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент, органикалық емес заттардың химия технологиясы кафедрасының профессоры 180-нен астам ғылым еңбектің, оның ішінде 15 оқулық пен оқу құралдарының, 45 авторлық куәлік пен патенттердің иесі. 4 ғылым жаңалығы Шымкент фосфор зауытының өндірісіне енгізілген.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005). Бірнеше медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Өнертапқыштар