thumb|right|200px Куратов атындағы көше Көшеге ақын-демократ, ағартушы, әдебиеттегі сатираның атасы - Иван Алексеевич Куратовтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 26.04.1980 №86 шешімі) берілген. Куратов Иван Алексеевич (1839-1875) Кибра елді мекенінде дүниеге келген. Көше Жетісу, Медеу аудандарында орналасқан. Мақатаев көшесінен басталып, Черкасск көшесіне дейін созылып жатыр. Бұрынғы атаулары: Сибирская; Алтайская көшелері. Көшенің ұзындығы - 1350 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері