Көшеге Қазақстанның музыка тарихында өзіндік із қалдырған ағайынды опера әншілері, КСРО халық артисі Ришат Абдуллин мен Қаз КСР әртісі Мүсілім Абдуллиндердің есімі (Алматы қаласы әкімінің 12.01.1998 № 7 шешімі) берілген. Абдуллин Ришат Мукимұлы (1916-1988), Абдуллин Мүсілім (1916-1996) - екеуі де Өскемен қаласында дүниеге келген. Көше Медеу ауданында орналасқан. Мақатаев көшесінен басталып, Қарасай батыр көшесіне дейін созылып жатыр. Жібек жолы, Гоголь, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Бөгенбай батыр
- көшелерімен қиылысады. Бұрынғы атаулары: Емелев көшесі; Алматы көшесі.
Көшенің ұзындығы - 1400 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері