«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (қысқартқанда «Ауыл» партиясы, Ауыл ХДПП) — Қазақстандағы ресми тіркелген социал-демократиялық және аграристік саяси партия. Партия 2000 жылы тіркелгенімен 2023 жылы ғана Мәжілісте алғаш рет мандатқа ие болды. Партия оппозициялық емес болып келеді және Тоқаев саясатын қолдайды.

Құрылтай съезі 2000-ншы жылы 30-ншы қаңтарда өтті. 2000 жылы 30 наурызда Әділет министрлігінде тіркелді. Партияның тұңғыш төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды. Оның қазіргі төрағасы — Қайрат Айтуғанов.

Әкімшілігі Жоғарғы органы – партия съезі, басшы атқарушы органы – саяси кеңесі, жұмысшы органы – саяси кеңестің саяси бюросы, бақылаушы органы – Орталық тексеру комиссиясы. Қазақстанның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Партияның қазіргі төрағасы – Қайрат Айтуғанов.«Ауыл» партиясының жаңа басшысы

Партия тарихы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2015 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясының қосылуы нәтижесінде құрылды. Партия төрағасы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы. Партия филиалдары еліміздің барлық облыстары мен респубикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бар.

2016-2021 жылдары аралығында «Ауыл» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауына қатысты, ал 2019 жылы Президент сайлауына өз кандидатын ұсынған. Сонымен қатар, 2021 жылы өткен ауыл әкімдерінің сайлауында да партия өз үміткерлерін ұсынып, белсенділік танытты. 2016 жылғы сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясының 38 өкілі маслихат депутаттары болып тағайындалды. Ал 2021 жылы өткен облыстық, қалалық және аудандық маслихат сайлауында 237 мүшесі жеңіске жетіп, «Ауыл» партиясы жергілікті өкілеттік органдағы аясын кеңейтті. Сол жылы партияның 32 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды.

Соңғы 5 жылда партия мүшелері мен бастапқы партия ұйымдары саны біршама ұлғайды. Қазіргі күні партия қатарында 300 000 жуық адам бар, өңірлерде 894 БПҰ жұмыс істейді.

2023 жылғы 19 қазанда партия төрағасы болып Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев сайланды."Ауыл" партиясының төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды

2026 жылғы 23 маусымда партияның жаңа төрағасы болып Қайрат Айтуғанов сайланды.«Ауыл» партиясының кезектен тыс Съезі өтті

Партия жұмысының негізгі бағыттары Ауыл мен ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасын түбегейлі жақсартудағы негізгі фактор болғандықтан, сондай-ақ халықтың 42%-ы (8 млн адам) ауылда тұрғаннан соң партияның басты назары ауыл проблемаларын шешу, агроөнеркәсіп саласын дамыту мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда болмақ.

Партияның басым бағыттарында аграрлы секторды мемлекеттік реттеу мен қолдауды күшейту, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мүддесін қорғау,

қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету, нарықтық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпалдасу, сондай-ақ қоғамның патриоттық тәлімін күшейту бар. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын жер ресурстарының тиімсіз пайдалану, заманауи инновациялық технологиялардың баяу дамуы, тұқым және мал шаруашылығындағы көкейкесті мәселелер, аграрлы сектордағы ғылыми және ақпараттық технологиялардың даму деңгейі алаңдатады. Партия елдімекендердің дамуын кешенді түрде қамтамасыз ету үшін, ауылдың инженерлік, әлеуметтік және экономикалық әлеуметін ашу мақсатында «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыру қажет деп есептейді. Әр азаматтың көкейінде жүрген тұрақты кіріс көзін табу, сапалы медициналық көмек алу, тұрмысты жақсарту, жеке қауіпсіздік пен құқықтық еркіндік сияқты сұрақтар партияның күнтәртібінде. Ең маңыздылары – еңбек нарығының тиімділігін арттыру, әлеуметтік көмекпен аз қамтылғандар мен жұмыссыздардың проблемаларын шешу. Рухани байлық, патриотизм, адалдық, құқықтық теңдік, ынтымақтастық іспеттес басты принциптерді сақтау партия құндылықтары болып табылады. Партияның басты мақсаты –Қазақстан тәуелсіздігі мен әлеуетінің нығаюына қолдау көрсету, ұлттық рухты сақтау, өмір сүру деңгейін көтеру, мәдениет, дәстүр, тіл мен ділді сақтау.

Сайлаулардағы нәтижелері Президент сайлаулары Сайлау Портреті Үміткері Дауыс саны % Нәтижесі 2019 120x120px Төлеутай Рақымбеков 280 451 3,04 % Жеңілді 2022 120x120px Жигули Дайрабаев 271 641 3,42 % Жеңілді

Парламент сайлаулары Мәжіліс СайлауТөрағасыДауыс саны%Мандат саныОрны2004Ғани Қалиев82 5231,73 %7200789 8551,51 %4201282 6231,19 %52016Әли Бектаев151 2852,01 %42021383 0235,29 %42023693 93810,9 %2

Құрылтай СайлауТөрағасыДауыс саны%Мандат саныОрны2026Қайрат Айтуғанов574 6216,26 %2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саяси партиялары