А. Суворов көшесі. А. Суворов көшесі Конституция көшесінен басталып,М. Дулатов, Тайсойған көшелерімен және Құрақты, Қырыққыз орамдарымен қиылысып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 780 м.

Александр Васильевич Суворов (1729-1800) - әскери қолбасшы, орыс соғыс өнерін дамытушылардың бірі. А.Суворов өзінің әскери және соғыс тәжірибесіне сүйене отырып, әскери оқу-жаттығу мен тәрбие жүйесін, әскери тактика мен стратегия мәселелерін баяндайтын «Жеңіс ғылымы» атты еңбегін жазды. Суворов тактикасы тегеурінді соққы, жылдам қимыл және тұтқиыл әрекетке негізделген.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері