Жазық денелі кенелер () – акариформ кенелер отрядының бір тұқымдасы, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері. Жазық денелі кенелердің 800-дей түрі белгілі, 100-ден астам түрі Қазақстанның оңтүстік аудандарында көп таралған. Тұрқы 0,2 — 0,4 мм. Денесінің сырты қатайған, торлы кутикула қабатымен қапталған. Оның түсі жасылдау сары немесе қызыл болады. Жазық денелі кенелердің ауыз қуысы өсімдіктің эпидермисін шаншып, ішіндегі сөлін соруға бейімделген. Іштей ұрықтанып көбейеді. Кейбір түрлері денесінен сілекейлі сұйық зат, яғни өрмек жібін шығарып, өсімдіктің жапырағын, т.б. шырмап, сабағына жабысып, шоғыр құрып тіршілік етеді. Жазық денелі кенелер (әсіресе, Cenopalus pulcher, Brevіpalus obovatus) жеміс ағаштарының, мақта, бақша, көкөніс шаруашылықтарының және цитрусты дақылдардың зиянкестері болып саналынады.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Санат:Кенелер