Тобаяқов атындағы көше. Көшеге қоғам қайраткері ғалым-физик профессор, педагог Жамбыл Тобаяқовтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 21.05.1999 №452 шешімі) берілген. Тобаяқов Жамбыл (1936-1997) Алматы облысында дүниеге келген. Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Көше Жетісу ауданында орналасқан. Сейфуллин даңғылы, Котовский, Щорс, Жансүгіров, Ноғайбаев атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атауы - Семипалатинск көшесі. Көшенін ұзындығы - 900 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері