Гүлбаршын Сәуірбекқызы Ақпанова (5 ақпан 1941, Шет ауданы - 2 қаңтар 2001) - әнші. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б, Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3

Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық етті. Мектеп директоры қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Ақшатау поселкелік кеңесінің төрайымы, Жәйрем қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

Ақпанованың әншілік, орындаушылық өнері Қазақстан жұртшылығына кеңінен таныс. Оның репертуарынан халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармалары орын алған.

Ақпанова облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінде жерленген.

Дереккөздер

Санат:1941 жылы туғандар Санат:Шет ауданында туғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Жәйрем әкімдері