Бұрынғы атауы Теміржолшылар кенті көшесі. Шыңғыстау көшесі Нұрғиса Тілендиев даңғылынан басталады. Ұзындығы - 703,8 м.
Шыңғыстау - Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында орналасқан. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері