thumb| alt=A.|175px| Экватор. thumb| alt=A.|175px| Галактикалық Экватор. thumb| alt=A.|175px| Экватор. thumb| alt=A.|175px| Экватор.
Экватор (лат. aequator – теңестіргіш): 1) Географиялық немесе Жер Экватор – Жердің айналу осіне перпендикуляр әрі екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан үлкен дөңгелек сызық. Ол жер шарын Солтүстік және Оңтүстік шарға бөледі. Географиялық ендіктер (0°-тан – 90°-қа дейін) Экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептеледі. Жер эллипсоиды Экваторының ұзындығы 40075696 м-ге тең, 1° бойлық ұзындығы 111321,4 м. Экватор – күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан сызық. Күн жылына екі рет (көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуінде) Экватордың дәл үстінде болады. 2) Галактикалық Экватор – Галактиканың орта (немесе бас) жазықтығының аспан сферасымен қиылысатын үлкен дөңгелегі. Галактикалық Экватордың аспан экваторымен жасайтын көлбеулік бұрышы 62°-қа тең болады. 3) Аспан Экватор, қ. Аспан экваторы. Қазақ энциклопедиясы, 10 том;
Дереккөздер
Санат:Астрометрия Санат:Ендіктер Санат:Тропиктер Санат:Геодезия Санат:Аспан координаттар жүйелері