Владимир Яковлевич Попов (5.11.1936 жыл, Орал облысы Чапаев қаласы) - актер, Орыс.
Өмірбаяны Әкесі - Попов Яков Арефьевич, марқұм, қызметкер болған. Анасы - Попова-Булавцева Татьяна Михайловна, марқұм, қызметкер болған.
А.Н. Островский атындағы Орал драма театры жанындағы студияны (халық шығармашылығы негізінде) (1963), драма ұжымының актер-жетекшісі; хореографиялық курстар, режиссерлық курстарын (Алматы, 1960) бітірген. 1953 жылдан - Орал темір жол бөлімшесінің №7 Жол бөлімшесі жұмыстық жабдықтау бөлімінің кіреші-жүкшісі. 1955 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1959 жылдан - «Қазақ ауылшарушылығы техникасы» облыстық базасы №1 қоймасының қоймашысы. 1963 жылдан бері - А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының актері, сахна шебері.
Жетістіктері Халық депутаттары облыстық Кеңесінің Зенит ауданындағы депутаты (1987). Марапаттары ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1985). II дәрежелі «Достық» ордені (2002) «Кеңес Армиясының 40 жылдығы» (1958) «Тың игерудің 10 жылдығы» (1964) «Еңбек ардагері» (1988) медальдарымен «Қайсар» белгісімен (1997) марапатталған. Шендері Әскери атағы - сержант. Отбасы Үйленген. Жұбайы - Попова Светлана Николаевна, зейнеткер. Қызы - Бажина Людмила Владимировна (1966 ж. т.), актриса.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:5 қарашада туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Чапаевта туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Орал драма театры студиясы түлектері Санат:Орал драма театры актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:2 дәрежелі Достық орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Кеңес армиясына 40 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)