Мәстек. қазақ тілінде үнемі бойы тапал, кішкене жылқыға айтылады. «Әнеугүні ауылыңызға келіп еді ғой. Астында құла қасқа мәстегі бар» (С. Шарипов, Бекболат.).

Сөздің шыққан тегі — қалмақ тілі. Оларда маштг — төмен, аласа, тапал мағыналарында қолданылады . Қалмақ тілінде «маштг» сөзі тек жылқыға ғана емес, кез келген аласа, тапал заттар мен жан иелеріне бірдей айтыла береді.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер

Санат:Лингвистика