Бұрынғы атауы Юбилейный көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ақниет көшесі Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Балнұр көшесіне айналады. Ұзындығы - 257,4 м.

Ақниет - көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ақниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер