Бағдан Қатайқызы Момынова (26. 6. 1957 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Топтерек ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1993).
Өмірбаяны ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірген (1979). 1989-1992 ж. аталған университеттің аспирантурасында оқыды. X. Кәрімовтың жетекшілігімен "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси лексика" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Шығармалары: Общественно-политическая лексика газеты "Казах". АКД., А., 1993; "Қазақ" газеті және Абайдың қара сөздері (қоғамдық-саяси лексикадағы тарихи сабақтастық). А., 1995; Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Оқу бағдарламасы. А., 1997.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Санат:26 маусымда туғандар Санат:1957 жылы туғандар Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері