Гдалий Исаакович Пинхасик (1897, Одесса-1951, Омбы) — партия қызметкері, Қарағанды облысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі.
1918 жылдан КОКП мүшесі. Қазақстанда БК(б)П Орталық комитетінің шақыруы бойынша 1933 жылдан Өлкелік партия комитетінің бұқаралық үгіт бөлімі меңгерушісі, партияның 17-съезі жұмысының аяғына дейін хатшысы, өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі. 1936 ж. қыркүйектен орталығы Қарағанды қаласы болып жаңадан ашылған Қарағанды облысының құрылуына байланысты Өлкелік комитеттің ұйымдастыру бюросының хатшысы болды. 1937 ж. мамырда облыстық партия конференциясында Қазақстан КП облыстық комитетінің 1-хатшысы болып сайланды. Пинхасик облыс партия ұйымын құруға, өлкенің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан.
1 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, халықтың зор сеніміне ие болды. Алайда «Правда» газетінің 1938 ж. 17 мамырдағы санында жарияланған «Аллилуйщина вместо большевисткой критики» деген мақаласында Пинхасик пен Лев Мирзоян (Қазақстан К(б)П ОК 1-хатшысы) қатты сынға алынады. Олар өздерін мадақтауға жол береді, кейбір сыналған адамдарды қорғайды деген айып тағылады. Мұның арты аталған адамдардың «халық жаулары» қатарына қосылып, жазаға кесілуіне әкеп соқты.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1897 жылы туғандар Санат:Одессада туғандар Санат:1951 жылы қайтыс болғандар Санат:Омбыда қайтыс болғандар Санат:Рыбинск тұлғалары Санат:Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақылымының депутаттары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:КСРО ІІХК айрықша үштігі мүшелері