Тұрсын Мұқашұлы (1940 жылы туған ҚХР, ШҰАР) — тіл білімі маманы. Үрімшідегі 2-ші педагогикалық училищені бітірген (1959). 1959—1960 ж. Санжы облысы орта мектепте оқытушы. 1963-жылдан қазірге дейін ШҰАР-дың тіл-жазу комитетінде зерттеу бөлімі бастығының орынбасары, қытай, түркі тілдерін зерттеу қоғамының, Шынжаң қазақ тілі мен мәдениеті ғылымы қоғамының, ШҰАР-дың атау-терминдерді арнаға түсіру комитетінің мүшесі. Еңбектері "Жаңа жазу әріптері және оларды жазу әдісі", "Жаңа жазу жөнінде сұрақ-жауаптар", "Қазақ жаңа жазуының жобасы (авторлардың бірі)", "Қазақ жаңа жазуының емле ережесі (авторлардың бірі)", "Қазақ жазуының негізгі ережелері (авторлардың бірі)", "Қазақ тілінің емле сездігі (авторлардың бірі)", "Емле білімдері (фонетика бөлімі)", "Қазіргі қазақ тілі (авторлардың бірі)" т. б. еңбектердің авторы.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ тілі