Бәрия Бадыққызы Жахина (27 қаңтар 1956, Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданы, Қызылоба ауылы) — тіл білімі маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты (1996).
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1978). 1978–1988 жылдары мектепте мұғалім, 1989 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы педагогика институтта аға оқытушы.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Орапбаеваның жетекшілігімен «5-класта лексиканы оқытумен байланысты тіл дамытудың әдістемесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданында туғандар Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ тілін зерттеушілер