Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов (13 қараша 1937, Алматы–11 маусым 2020) – филология ғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі - Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессорыФормальное описание структуры автоматического словаря казахского языка // Материалы Республиканской научно-теоретической конференции "Жұбанов тағылымы-V". Актобе, 2002..

Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.

1944 ж. Ақтөбе облысының Жұрын ауданындағы Жаңатұрмыс аулындағы бастауыш мектебіне оқуға барып, ол мектепте 4-сыныпқа дейін оқиды.

1948 ж. 1948-1949 оқу жылдары Алматы қаласындағы №18 қазақ орта мектеп-интернатында қайтадан 4-сыныпқа түсіп, екі жыл оқиды.

1950 ж. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл (Қызылжар) қаласындағы №5 қазақ отра мектеп-интернатының 6 сыныбынан оқуын жалғастырып, 1955 жылы 10 сыныпты тамамдайды.

1955-1960 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып, оның физика-математика факультетін үздік бітіреді.

1960-1961 ж. Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтына жұмысқа орналасып, жоғары математика кафедрасының ассистен-мұғалімі қызметін атқарады.

1961-1963 ж. Кеңес Армиясы қатарында өз міндетін атқарып, кіші лейтенант дәрежесінде үйіне оралады.

1963-1967 ж. Қазақтың Мемлекеттік ауылшаруашылық институтындағы жұмысын жалғастырып, жоғары математика кафедрасының ассистен-мұғалімі қызметін атқарады.

1963 ж. Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшесіне өтеді.

1965 ж. Ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, математикалық программалау пәндерінен білім дәрежесін көтеру мақсатындағы КСРО ауылшаруашылық министрлігі ұйымдастыруымен Одесса қаласында өткен 3 айлық курс-семинар оқуына қатысады.

1967-1968 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының күндізгі бөлімінің аспиранты. Аспиранттық мезгілін Минск қаласындағы Шет тілдер институты жанында өткізеді.

1967 ж. Шымкент пединститутының профессорлары мен мұғалімдерінің ғылыми теориялық конференциясында баяндама жасады.

1968 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы жас ғалымдарының бірінші ғылыми конференциясында баяндама жасады.

1969 ж. Түркі тілдерін статистикалық және ақпараттық әдістер арқылы зерттеу атты Бүкілодақтық конференциясына баяндамашы ретінде қатысты.

1970 ж. Киев қаласында өткен “Структурно-математические методы моделирования языка” атты Бүкілодақтық ғылыми конференциясына баяндамашы ретінде қатысты.

1970 ж. ҚазССР Ғылым академиясы жас ғалымдарының екінші ғылыми конференциясында баяндама жасады.

1970 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында жаңадан ашылған Статистика-лингвистикалық зерттеу және автоматтандыру тобының кіші ғылыми қызметкері болып жұмысқа орналасады.

1971 ж. Кишинёв қаласында өткен Автоматическая переработка текста методами прикладной лингвистики атты Бүкілодақтық ғылыми конференцияда баяндама жасады.

1973 ж. Алматыда өткен "Автоматическое распознавание слуховых образов" атты Бүкілодақтық семинар-мектептің жұмысына баяндамамен қатысты.

1973 ж. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы Қ.Б.Бектаевтың ғылыми жетекшілігімен, академик І.Кеңесбаевтың ғылыми кеңесшілігімен орындалған ЭЕМ көмегімен қазақ мәтінін статистикалық зерттеу атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны жоғары деңгейде қорғайды.

1974 ж. ҚазССР-ға жас ғалымдарының үшінші ғылыми конференциясында баяндама жасады.

1976 ж. Алматыда өткен Советская тюркология и развитие тюркских языков в КСРО атты Бүкілодақтық түркітанушылардың ғылыми-теориялық конференциясына баяндамашы ретінде қатысты.

1976 ж. Қазақ ССР ҒА Тіл білімі институтындағы Статистика-лингвистикалық зерттеу және автоматтандыру тобының аға ғылыми қызметкер дәрежесіне конкурс бойынша өтіп, ғылыми жұмысын жалғастырады.

1976-1986 ж. Қазақ ССР-ға Тіл білімі институтының қоғамдық өміріне қызу қатынасып, Жергілікті комитеттің, Партия бюросының мүшелігіне қабылданып, оның хатшысының орынбасары және институттың Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.

1980 ж. Шымкент қаласында өткен Статистическая оптимизация преподования языков и инженерная лингвистика атты ғылыми семинарда баяндама жасады.

1980 ж. Ташкент қаласында өткен Бүкілодақтық түркітанушылардың ғылыми конференциясында баяндама жасады.

1981-1985 ж. М.О.Әуезовтің толық шығармалар жинағы мәтінін ЭЕМ-ге енгізуге дайындау және сөзнұсқағыш-сөздіктерді құрастыру атты Тіл білімі институтының жоспарлы ғылыми тақырыбына ғылыми жетекшілік етеді.

1982 ж. Минск қаласында өткен "Переработке текста методами инженерной лингвистики” атты Бүкілодақтық конференцияға баяндамамен қатысты.

1985 ж. 1986-1990 жылдар аралығына М.Әуезовтің 20 томдық шығармалары бойынша автоматтанған картотекалық қор жасау атты ғылыми тақырыпқа жетекшілік ету міндетін алады.

1986 ж. КСРО Ғылым академиясы Президиумының қаулысы бойынша оған “түркі тілдері” мамандығы бойынша “Аға ғылыми қызметкер” деген ғылыми атақ беріледі.

1986 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс атқарады.

1988 ж. Тбилиси қаласында өткен Машинные фонды языков народов КСРО атты дөңгелек столдың жұмысында баяндамашы ретінде қатысты.

1988 ж. Таллин қаласында өткен Машинные фонды языков народов КСРО атты дөңгелек столдың жұмысында баяндамашы ретінде қатысты.

1989 ж. Минск қаласындағы Белорусия ССР-ның 10 ай мезгіліне докторлық жұмысын аяқтау үшін ғылыми іссапарына жіберіледі.

1989 ж. Мәскеуде өткен Создание машинного фонда русского языка атты үшінші Бүкілодақтық ғылыми конференция жұмысында баяндамашы ретінде қатысты.

1990 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

1990 ж. 1991-1993 жылдар аралығына М.Әуезовтің шығармалары бойынша сөзформалар мен сөздердің жиілік сөздіктерін ЭЕМ арқылы құрастыру атты тақырыпқа ғылыми жетекшілік ету міндетін алады.

1990 ж. Алматыда өткен Тюркская фонетика-90 атты бірінші Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1990 ж. Тарту қаласында өткен Актуальные проблемы компьютерной лингвистики атты Бүкілодақтық конференция жұмысында баяндама жасады.

1990 ж. Минск қаласында өткен Использование ЭВМ в научной и учебной работе гуманитарных вузов атты Бүкілодақтық конференция жұмысында баяндама жасады.

1998 ж. Ақтөбе қаласында өткен "Жұбанов тағылымы" атты республикалық ғылыми конференцияда баяндама жасады.

1999 ж. Ақтөбеде өткен Жұбанов тағылымы атты IV Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1999 ж. Алматыда өткен "Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі" атты Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1999 ж. Астана қаласында өткен Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі атты Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практиалық конференцияда баяндама жасады.

2000 ж. Алматыда өткен Актуальные проблемы теории и практики перевода в контексте современности атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практиалық конференцияда баяндама жасады.

2002 ж. Қазақ мәтіні мазмұнын формалдаудың негізгі ұстанымдары атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.

2002 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынындағы Қолданбалы лингвистика ғылыми тобының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарады.

2002 ж. Ақтөбеде өткен Жұбанов тағылымы-V атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2003 ж. 2002 жылы қорғалған докторлық диссертацияның құндылық тұстары ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАК) қыркүйек айында шыққан №3 Бюллетенінде арнайы аталған мақала жарық көреді.

2003 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университеті филология факультетінің Қолданбалы лингвистика мамандығындағы студенттеріне дәріс беруге Жалпы тіл білімі кафедрасының профессорлық дәрежедегі қосымша жұмысына орналасады.

2003 ж. Алматыда өткен Абай атындағы Алматы университетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференцияға баяндамамен қатысты.

2003 ж. Алматыда өткен Сәрсен Аманжолов және қазақ филологиясының өзекті мәселелері атты С.Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2003 ж. Алматыда өткен Қазақ филологиясының өзекті мәселелері атты А.Байтұрсынұлының 130 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға баяндамамен қатысты.

2004 ж. Жоғары аттестациялық комитеттің шешімі бойынша Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор ғылыми атағын алды.

2004 ж. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы атты академик Р.Ғ.Сыздықтың 80-жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция жұмысына баяндамамен қатысты.

2004 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына баяндамамен қатысты.

2004 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен Академик Ә.Т. Қайдар және тіл білімінің мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2004 ж. Ақтөбе қаласында өткен Жұбанов тағылымы атты VІ Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға баяндамамен қатысты. 2005 ж. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Жизнь языка и язык в жизни атты ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2005 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен Академик Ш.Ш. Сарыбаев жєне тіл білімінің мєселелері атты ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2006 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында компьютерлік лингвистикадан дәріс беруге (қосымша) профессорлық қызметке орналасады.

2006 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен Қ.Есеновтың туғанына 75 жыл толуына арналған Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2006 ж. Ақтөбеде өткен Ғасырлар пернесінің жыршысы атты академик, композитор А.Қ.Жұбановтың 100-жылдығына арналған республикалық ғылыми конференция жұмысына баяндамамен қатысты.

2006 ж. Бишкек қаласында өткен 6-ой Форума сотрудничества в области экономики, лингвистики и электронной среды в тюркском мире атты Манас атындағы Қырғыз-Түрік университеті және Түркі мәдениетін Зерттеу Орталығы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2006 ж. Парижде өткен Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының шақыруымен және ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР-нің Ресми коммисиясының мүшесі ретінде академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына арналған ғылым мен мәдениет саласының құрметті күндеріне қатысты (2006 жылдың 12-17 қазаны).

2007 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.А.Айтбаевтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Мемпекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға баяндамамен қатысты.

2007 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен филология ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Жанұзақовтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелерінің қалыптасуы мен болашағы атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына баяндамамен қатысты.

2007 ж. Алматыдағы ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында өткен І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына орай 2007 жылы қазан айының 17-18 күндері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен Түркітану мен қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

Ғылыми, педагогтік және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк