Іздеудің биохимиялық әдісі. Пайдалы қазбаларды геохимиялық тұрғыдан іздеу әдістерінің бірі; элементтер таралуының биохимиялық жатындарын анықтауға негізделген. Сөз болған мақсаттағы жүзеге асыру жолында төмендегі шаралар рет-ретімен іске асырылады: өсімдіктердің әр түрлі бөліктері сынамалар ретінде алынады; алынған сынамалар отқа жағылып, күлге айналдырылады; күлдер жан-жақты талдаудан өткізіледі (спектр көмегімен, химиялық тұрғыдан, колориметрлік тәсілмен, т.с.с.); талдау нәтижелеріне сәйкес, нақты элемент мөлшерінің қалыптан ауытқу, яки кларктан артық аймақтары белгіленіп алынады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ