Жайлаубай Асылханов (2 шілде, 1964, Оймауыт ауылы, Байғанин ауданы)— домбырашы, концерттік орындаушы,

Қысқаша өмірбаяны 1987 ж. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежін бітірген. 1997 ж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген. 1987—92 ж. Ақтөбе облыстық филармониясының домбырашысы 1992—95 жж. «Домбыра дастан» ансамблінің көркөмдік жетекшісі 1994 ж. бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежінде домбыра класынан дәріс береді.

Репертуарында Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың, Динаның, Абылдың, Естайдың, Сүгірдің, Құлшардың, Есірдің, сондай-ақ қазіргі қазақ сазгерлерінің 100-ден астам күйі бар. Жетістіктері Қашаған жыраудың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайысының жеңімпазы.

Қазанғаптың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайысының жеңімпазы.

Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2000) марапатталған.

Дереккөздер

Санат:2 шілдеде туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Байғанин ауданында туғандар Санат:Домбырашылар Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері