Автоколлиматор ( - өзім, - тура бағыттаймын) - бұрыштарды жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған оптикалық аспап. Автоколлиматор ұзындығы 30 м-ге дейін бағыттауыштың түзулігін және жазықтылығын тексеру үшін де қолданылады. Автоколлиматор межелік бойынша бұрыштық өлшеулердің шегі 6'. Егер Автоколлиматор үлкейткіш саптама ретінде қолданылса, онда оның өлшеу шегі 12'.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Өлшеу техникасы