Ирина Зиновьевна Ярема (26.6.1931 жыл, Украина, Львов облысы Павлов селосы) – қолданбалы өнер шебері.
Өмірбаяны 1965 жылы Львов мемлекеттік сән және қолданбалы өнер институтын бітірген. 1970 жылдан Алматы қаласында Қазақ КСР-і Жергілікті өнеркәсіп жанындағы экспериментті институтта суретші болды. Шығармалары “Алатау” (1972) “Ертегі аңшы” (1973 жылы) “Қазақстан” қонақ үйі үшін “Қазақстан” (1976 жылы, басқалармен бірге; Қазақ КСР-і Мемлекет сыйлығы, 1981) “Нөсер” “Қарағаш” “Тыңдағы таң” (1979 жылы) өндірістік тақырыптағы “Химия” (1983 жылы) “Индустрия” триптихы (1985 жылы), т.б. көпшілік орындарға жасаған гобелен - интерьерлері бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:26 маусымда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Львов облысында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Львов мемлекет сән және қолданбалы өнер институты түлектері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері