Ермек Қуандықұлы Серекбаев (9 ақпан 1958, Петропавл, Қазақстан) — қазақстандық заңгер, 2010 жылдан бері Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

1988 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Қызмет жолы 1979 жылдан - СҚО ІІБ инспекторы. 1985 жылдан - СҚО жұмысшылар одағының заңгері, бас төрешісі. 1991 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесінің құқықтық сараптама секторының меңгерушісі. 1992 жылдан - СҚО бас мемлекеттік төрешісінің орынбасары. 1993 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық төрелік сот төрағасының орынбасары. 1995 жылдан - Ақмола облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі сот комиссиясының төрағасы. 2002 жылдан - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылдан - Павлодар облыстық сотының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

Медальдары «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005); «Астананың 10 жылдығы» (2008).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан заңгерлері