Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков - (11 мамыр, 1967 жыл, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында туған) - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары (2010 жылдан бастап).
Өмірбаяны Әкесі - Нақыпбеков Әуен Нақыпбекұлы. Анасы - Шәменова Қанатгул, зейнеткер. Қазақ тұтыну кооперациясы институтының «Маркетинг және коммерция» факультетін (1997) «Маркетинг» мамандығы бойынша бітірген. «Қайнар» университетінің заң факультетін (Алматы қ., 2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан - Шымкент облысы Апғабас аудандық ақпараттық-есептеу стансасының операторы. 1985 жылдан - нан зауытының экспедиторы. 1988 жылдан - Шымкент облысы Алғабас аудандық тұтыну одағының экспедиторы. 1990 жылдан - Шымкент облысы Алғабас ауданындағы аудандық дүкеннің аға тауартанушысы. 1992 жылдан - Шымкент облысы Алғабас аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары. 1994 жылдан - «Алтын Орда» сауда-өнеркәсіп қауымдастығының бастығы. 1996 жылдан - «Нұрсұлтан» ШК директоры; Шымкент қалалық жер комитетінің төрағасы. 2001 жылдан - ОҚО Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2005 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы. 2010 жылдан бері - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары.
Марапаттары «Құрмет» орденімен (2007); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі. «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Құрметті жерге орналастырушы (2005).
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Қаныбекова Әлия Орынханқызы (1968 ж. т.), «Санрайс» ЖШС директоры. Ұлдары - Нақыпбеков Нұрсұлтан, Нақыпбеков Ақсұлтан; қыздары - Нақыпбекова Мөлдір, Нақыпбекова Ақтолқын.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:11 мамырда туғандар Санат:1967 жылы туғандар Санат:Шаянда туғандар Санат:Қарағанды экономикалық университеті түлектері Санат:Қайнар университеті түлектері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті жерге орналастырушылары