Болат Ғазизұлы Ысқақов (9 ақпан, 1947 жыл, Үштөбе, Талдықорған облысы, Қазақ КСР) - генерал-майор, ҚР ішкі істер министрі - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің қолбасшысы (2000-2002).
Өмірбаяны КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1974) заңгер мамандығы бойынша бітірген. КСРО ІІМ Академиясын (1981) қоғамдық тәртіпті қорғау саласында басқаруды ұйымдастыру мамандануы бойынша бітірген. 1966 жылдан - ОМ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, шахтада жұмысшы. 1974-1979 жылдары - Қарағанды облыстық атқару комитеті ІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы, Совет АІІБ аға инспекторы, Қарағанды облыстық ІІБ инспекторы, аға инспекторы. 1981 жылдан - Совет АІІБ нашақорлықпен күрес бөлімшесінің аға инспекторы, АІІБ бастығының орынбасары, Шахтинск ҚІІБ бастығы. 1985 жылдан - Қарағанды ҚІІБ бастығы. 1991 жылдан - ҚазКСР ІІМ Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының бастығы, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің бастығы. 1992 жылдан - ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 1995 жылдан - ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебінің бастығы, Алматы облысы бойынша МТКБ бастығы. 1997 жылдан - Жамбыл облысы бойынша МТКБ бастығы, ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің бастығы. 1999 жылдан - Қазақстан Республикалық Ұланының қолбасшысы. 2000 жылдан - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі- ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің қолбасшысы. 2002 жылдан - Қазақстан Республикалық Ұланының қолбасшысы. 2006-2010 жылдары - Беларусь Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкіл қызметін қатар атқарушы.
Марапаттары «Даңқ» орденімен (2005); 13 медальмен марапатталған.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Жұмшира Садыққызы (1945 жылы туған). Ұлдары - Ысқақов Еділ, Ысқақов Темір.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Үштөбеде туғандар Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:КСРО Қарулы күштері ардагері медалінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО ІІМ академиясы түлектері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері Санат:Қазақстанның Беларусьтегі елшілері