Жан сыры. Бұл сөздің психология тұрғысынан алғанда бірнеше мағынасы бар: 1. Жан сыры— психологиялық процестердің мән-жайын, адамның даралық психологиялық сипаттарының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан баяндай отырып түсіндіруді білдіреді. 2. Адамның психикалық күй-жайы болып саналатын зейіннің, сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қасиеттерінің сипат-ерекшеліктерін бейнелеуді де жан сыры деп атаймыз. *3. Жан сырының тағы бір мағынасы, адамның басынан кешкен оқиғалардың санада қалған бейнесі мен ізінің мазмұнын пайымдап білу ерекшеліктері. Жан сыры біздің сана-сезіміміздегі болмыстың бейнесі. Ондай бейнелердің негізі — шындық пен ақиқат. Жан сырының сипат қасиеттерін қазақ халқының ақын-жазушылары өз туындыларында жан-жақты көркем сөзбен, поэтикалық тілмен де бейнелейді. Жан сыры тек психикалық процестер емес, тіршілік ету бейнесінің өзге түрлері арқылы да нәзік сезім күйлерімен қарым-қатынас жасаудың алуан тәсілдері арқылы да көрініс беріп отырады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Жантану Санат:Медицина