Заттық іс-әрекет — адамдардың жасаған материалдық және рухтық заттардың ерекшеліктеріне бағынатын іс-әрекет. Сол заттарды дұрыс пайдаланудың жолдарын және адамдардың қабілеттерін дамытуға бағытталған. Заттық іс-әрекет — адамның шынайы рухтық және материалдық мәдениет заттарын іс жүзінде қолдану әрекеті. Заттық іс-әрекет бір түрі, заттық ойын — адамзаттың материалдық, рухтық мәдениетінің заттарымен баланың ойыны. Ондай ойында бала заттарды өзінің орнымен пайдаланады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Дереккөздер

Санат:Жантану Санат:Медицина