Ағыбай батыр кесенесі – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 19 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Шет ауданы, Киікті теміржол бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде.
Сипаты Кесене Ағыбай Қоңырбайұлына арналып 19 ғасырдың 1880 жылы Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы Шұнақ, Тайатқан тауларының аралығында, Сарыбұлақ өзенінің сол жағалауында тұрғызылған. Шаршы түріндегі (8,80х8,58 м), бір бөлмелі күмбезді ғимарат. Сыртқы бұрыштары қосар мұнаралармен өрнектеліп, күмбезі өріліп шығарылып, ілкіде ұшар басына Ағыбай батырдың самаурыны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл ағашпен айван үлгісінде жабылып, оңтүстік жағынан шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыштарындағы ширек бағаналар күмбез шеңберімен бірігіп кеткен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы жағы сарғыш түсті әкпен әктелген. Кесене ішінде 12 мәйіт бар. Ағыбай батырдың сағанасы бөлменің түкпірінде солтүстік-батыс бұрыштан екінші орында жатыр.Қазақ ұлттық энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері