Базар Аташұлы Ескожа (22 шілде 1947, Гурьев, Қазақ КСР) — қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы», көптеген мұнай-газ кен орындарының алғаш ашушыларының бірі.

Өмірбаяны Ескожа Базар Аташұлы 1947 жылы 22 шілдеде Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.

1964 жылдан бастап Гурьев геологиялық-поиск экспедициясында коллектор, геолог болып еңбек етті. Жұмыс істей жүріп, 1972 жылы Всесоюздық заочный политехникалық институттың мұнай факультетін аяқтады.

1972–1998 жылдары «Атыраумұнайгазгеология» өндірістік геологиялық бірлестігінде геолог, бас геолог, кейін вице-президент қызметтерін атқарды. Бұл кезеңде Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарын басқарды.

1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде триас кезеңі шөгінділерінің мұнай-газдылық перспективаларын негіздеу жөніндегі кандидаттық диссертациясын қорғады.

1998–2010 жылдары «First International Oil Corporation» компаниясында (АҚШ және ҚХР) бас менеджер болды. Каспий маңы ойпатының триас шөгінділеріндегі құрылымдық-седиментациялық тұзүсті тұзақтардың жоғары перспективаларын ғылыми негіздеп, кейін бұл аймақтарда оннан аса жаңа кен орындары ашылды.

2010–2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас геологы. Осы кезеңде жаңа жобалар саны артып, геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар күшейді, Макат Шығыс, С. Нұржанов, Уаз, Новобогат Оңтүстік-Шығыс кен орындарында жаңа залеждер анықталды.

2012–2014 жылдары - ТОО «GeoEnergyGroup» компаниясының геология және геофизика жөніндегі бас директорының орынбасары, ТОО «North Caspian Oil Development» бас геологы.

2014–2018 жылдары - ТОО «Алмэкс Плюс» компаниясында геологиялық барлау жөніндегі бас директор орынбасары. Бұл кезеңде Ансаган алаңында девон жасындағы тұз асты газконденсатты кен орны ашылды.

Қазіргі уақытта - ТОО «Меридиан-Евразия» компаниясында «Евразия» мемлекеттік геологиялық мегажобасы бойынша жетекші геолог-консультант.

Ғылыми және кәсіби еңбектері Ескожа Базар Аташұлы - мұнай-газ геологиясының фундаменталды және қолданбалы мәселелері бойынша көптеген ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы және бірлескен авторы, Қазақстандағы триас шөгінділерінің мұнай-газдылығын болжаудың ғылыми негізін қалаған геолог.

Ескожа Базар Аташұлы Қазақстанның Батыс өңіріндегі көптеген мұнай-газ кен орындарының ашылуына тікелей үлес қосты. Оның қатысуымен Орысқазған, Жанаталап Шығыс, Жолдыбай Солтүстік, Жыланқабақ, Забурунье, Имашев, Сазанқұрақ, Кенбай, Аңсаған (девон тұз асты кешені) және Рожковское газконденсатты кен орны сияқты кен орындары ашылды.

Ғалымның негізгі еңбегі — Прикаспий ойпатының триас шөгінділерінде тұзүсті құрылымдық-седиментациялық тұзақтардың мұнай-газдылығын болжау әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Бұл бағыт Қазақстанда бұрын зерттелмеген жаңа типтегі кен орындарының ашылуына мүмкіндік берді.

2016 жылғы академик Ш. Есенов атындағы ғылыми сыйлық геология саласы бойынша келесі ғалымдарға берілді: Ескожа Базар Аташұлына, Куантаев Нысанбай Есеркепұлына, Воронов Геннадий Васильевичке — «Прикаспий ойпатының триас түзілімдеріндегі мұнай мен газдың құрылымдық-седиментациялық тұзақтарын болжау және картографиялау технологиясын негіздеу және әзірлеу» атты жұмысы үшін.

Марапаттары «Құрмет» ордені. «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы». «Мұнай-газ саласына еңбегі сіңген қызметкер». «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі. «Ерен еңбегі үшін» медалі. «Еңбек ардагері» медалі. «KazEnergy» медалі. «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» төсбелгісі. Ұлттық «Золотой Прометей–2009» премиясыhttps://www.inform.kz/ru/v-astane-sostoyalas-iv-kazahstanskaya-ceremoniya-nagrazhdeniya-nacional-noy-premiey-zolotoy-prometey-v-neftegazovom-sektore_a2200175?ysclid=mi475uq48q343559616. «Үздік мұнайшы-геолог» (2011 ж.)https://nedra.kz/index.php/news/izvestnyj-kazahstanskij-neftyanik-prezident-kazahstanskogo-obshestva-neftyanikov-geologov-baltabek-muhanovich-kuandykov-za-otkrytie-gazovogo-mestorozhdeniya-tepke-v-mangistauskoj-oblasti-nagrazhden-medal-yu-ken-ornyn-al-ash-ashushy . Академик Ш. Есенов атындағы премия лауреаты (2016 ж.). «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісі (2024).

Әдебиеттер Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:КСРО мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары