АҚШ газет трестері - БАҚ тарихындағы алғашқы газет тресті (Скриппс компания тобы), АҚШ-та пайда болды. Көп ұзамай Херст, Мак-Кормик, Паттерсон секілді ірі газет шығарумен айналысатын компаниялар құрыла бастады. Бүгінде АҚШ-та күнделікті жалпы таралымы 60 млн данамен шығатын 1500 газет жарық көреді. Олардың үштен екі бөлігі 150-ден астам корпорациялар мен фирмалардың қарамағына қарайды. 1998 жылы елдегі 10 газет компаниясы америкадағы ең ірі 500 корпорацияның қатарына қосылды.
Ең алыптары: "Gannet Company Inc.", "Haum Puggep newspapers Inc.", "Hearst Corp.", "Tribune Co.", "New York Co.", "New America Publishing", Руперт Мэрдок тобы, "Times mirror Co.", Hьюxayздың газет тресті.
Санат:Журналистика Санат:Терминология