Ақдала – Сарыесікатырау құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Іле өзенінің оң жағалауын бойлап 90 км-ге созылып жатыр. Ені 25 км. Абсолюттік биіктігі 417 м. Суару жүйесі тартылған. Күріш, бау-бақша егіледі.

Өсімдігі Шалғынды-сортаңды топырағында жыңғыл, шеңгел, жусан, тағы басқа өсімдіктер өседі.ҚР табиғаты 3т.

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы құмдары