Меңдеш Салихов (1947, Атырау облысы) — мұнай өнеркәсібінің қайраткері.
Өмірбаяны Мәскеу мұнай институтын (1970), Алматы саясаттану институтынын, АҚШ Массачусетс университетын (1994) бітірген. 1970-1972 - «Құлсарымұнай» МГӨБ инженері. 1972-1979 - «Өзенмұнай» МГӨБ аға инженері, ауысым бастығы, бас инженерінің орынбасары, тех. бөлімінің бастығы. 1979-1985 - партия комитеті басқармасының хатшысы, партия қалалық комитеті хатшысы, Ақтау қ. қалалық атқарушы комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Маңғышлақ облыстық комитетінің хатшысы, облыстық әкімшілік басшысының орынбасары. 1985-1998 - «Маңғыстаумұнай» АҚ президенті. 1998-2000 - «Мұнайгаз» сақтандыру компаниясының президенті. 2000 жылдан бастап - «CatkarLTD» компаниясы филиалының директоры, «Мұнайгазқұрылыс» вице-президенті, «Kazakhservicegroup» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары