Азия және үлкентұмсықты шүрілдек – бұларды шөл балықшылары деп атайды. Екеуінің де дене пішіні және қылықтары шүрілдектерге тән. Салмақтары 90 – 100 г шамасында болады. Олар тез жүгіреді, жерге жақын, екпіндеп ұшады. Азия шүрілдегінің көзі айналасында қара дағы жоқ, ал сары жолағы жалпақтау. Ең негізгі айырмашылығы – біріншісінің тұмсығы жуандау, екіншісінде жіңішкелеу. Бұл екі шүрілдек те судан алыс, шөлді аймақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда екі шүрілдек те наурыздан қыркүйек айына дейін болады.«Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
Дереккөздер
Санат:Татреңтәрізділер