Оскар Иеремеевич Эстеркин (бүркеншік есімі ─ Оскар Курганов) – орыс жазушысы, драматург, сценарист және журналист. 1907 жылы 15 тамызда Белынычи қаласында дүниеге келген. 1926-1929 жылдары Санкт-Петербург Мемлекеттік Университетінде оқыған. 1934-1949 жылдары «Правда» газетінде жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қызыл Жұлдыз орденімен, «Знак почета» орденімен марапатталған. 1972 жылы Ленин Сыйлығының лауреаты болады. 1942 жылдан бастап КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. =Шығармалары «Очерк», «Настенька», «Американцы в Японии», «Оставшиеся в живых», «Три дня и три ночи», «Тайна песчинки», «Сердца и камни». Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Орыс жазушылары