Астраханка — Ақмола облысы Астрахан ауданының және Астрахан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Астана қаласының солтүстік-батысында 137 км жерде, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан 250 км жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1895–1897 жылдары қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен65666313 6070 96,2 3161 2990 94,6 3152 3080 97,7

Кәсіпорындары Құрылыс, автокөлік кәсіпорындары, ауданы байланыс бөлімдері, баспахана, тұрмыстық комбинат, жер суару жүйесінің басқармасы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы 2 жалпы білім беретін және музыка мектебі, 5 балабақша, кәсіптік-техникалық училище, мәдени-спорт кешені, мәдениет үйі, кинотеатр, 7 кітапхана, 3 емдеу-сауықтыру мекемесі, тарихи-өлкетану мұражайы, қонақ үйі, т.б. бар. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ауған соғысының құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ауыл арқылы Алматы–Екатеринбург, Астана–Атбасар автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті — Жалтыр (12 км).

Дереккөздер

Санат:Астрахан ауданы елді мекендері