Әскери Полигон– қару-жарақ пен әскери техниканы сынақтан өткізу, әскерлердің жауынгерлік даярлығын анықтау және соғыс өнерін дамыту мақсатына арнайы бөлінген және жабдықталған орын. Кейбір ғылыми-зертттеу мекемелерін де әскери полигон деп атайды. (мыс., Семей ядролық полигоны). Әскери полигонның тұрақты және уақытша түрлері болады. Алдына қойылған мақсаттарына байланысты ғылыми-зерттемелік әскери полигон, оқу-үйрену әскери полигоны (әскерлік, теңіздік, зауыттық), ал сынақтан өтетіе құралдар түрлеріне байланысты ракеталық әскери полигон, артиллериялык әскери полигон, авиациялық әскери полигон, теңіздік әскери полигон т.б. болып бөлінеді.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Әскери іс