Балкашино — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, аудан және Балкашин ауылдық округі орталығы. Іргесі 19 ғасырдың 90-жылдарында қаланған.
Географиялық орны Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 92 км-дей жерде, Есіл өзенінің саласы Жабай өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-агроклиматтық белдемде орналасқан. Төңірегінде аралас орман өседі.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен57374907 4444 90,6 2270 2078 91,5 2637 2366 89,7
Кәсіпорындары Агроөнеркәсіптік бірлестік, май зауыты, астық қабылдау пункті, құс комбинаты, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаты, орман шаруашылығы, автокөлік және құрылыс мекемелері жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Аудандық аурухана, емхана, мәдениет үйі, орта мектеп, т.б. бар. Тұрғындары облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы елді мекендері