Билкас – Египеттегі Дакахля губернаторлығындағы қала. Халық саны 95 001 (2007 жылғы халық санағы бойынша).
Экономикасы Жергілікті халықтың жартысы Жерорта теңізінің жағалауындағы Гамаса курортында жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар Абу-Мади ауданындағы табиғи газды өңдеумен айналысады. Билкасда ауылшаруашылық өнімдерін шығару жақсы дамыған. Қалада бұрын князьдар мен көпестердің иелігінде болған көне сарайлар мен виллалар бар.
Дереккөздер
Санат:Мысыр қалалары