Чэнь Ифэй – Қытай кинорежиссері, суретші.

1946 жылы 12 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Шанхайдың Көркемсурет институтын тәмамдаған.

Мәдени төңкеріс кезінде Мао Цзедунның үлкен көлемді портретін салумен танылған. 1980-90 жылдары АҚШ-та тұрған. Қытайға оралған соң сурет саумен қатар, екі фильмін және «Бегство в Шанхай» деректі фильмін түсіреді. Өзінің үшінші фильмін түсіру барысында 2005 жылы 10 сәуірде 58 жасында қайтыс болған. Кейін «Парикмахер» атты бұл фильмді У Сыюань аяқтаған.