Тони Рамос () – Бразилия актері, режиссёрі, продюссері, сценариші, тележүргізуші. Шын есімі Антонио ди Карвалью Барбоза.

Туған жері: Арапонгас (Бразилия). Әйелі Лидиане Барбоза екеуінен Родригу есімді ұлы және Андрея есімді қызы бар. Фильмдердің барлығында тек жағымды кейіпкер рөлдерін сомдайды. Түрлі жобаларға қатысып, театр мен киноны бірге алып жүреді. «Шешім Сіздікі» бағдарламасында жүргізуші болған.

Түскен фильмдері: «Torre de Babel» (1998), «Anjo de Mim» (1996), «A Próxima Vítima» (1995), «Olho no Olho» (1993) т.б.