«Rock Sound» — рок-музыканы көрсететін британдық журнал. Журнал коммерциялық бағыттан гөрі көбірек «андерграундты» болуды көздейді, сонымен бірге танымырақ әртістерге де орын береді. Ол негізінен рок-музыканың поп-панк, пост-хардкор, металкор, панк, эмо, хардкор, хэви-метал және экстрим-метал жанрларына назар аударып, инди-рок музыкасын өте сирек қамтиды. Кейде «Музыкасын қатты, екпінді және конформизмнен тыс ұнататындар үшін» («For those who like their music loud, extreme and non-conformist») деген ұран қолданылады. Бұл журнал негізінен британдық нарыққа бағытталғанымен, Аустралия, Канада және АҚШ елдерінде де сатылады.
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания музыкалық журналдары Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1999 жылы негізі қаланған журналдар