thumb|right|200px|Иван Голль Иван Голль (, шын аты-жөні Исаак Ланг, 29 наурыз 1891 жыл (1891.03.29), Сен-Дье-де-Вож – 27 ақпан 1950 жыл, Париж) – неміс-француз ақыны, экспрессионизм бағытының өкілдерінің бірі.
Страсбург университетінде құқық мамандығы бойынша білім алады. 1912 жылы философия докторы дәрежесін иеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында Швейцарияға жер аударылады. Соғыс аяқталған соң Парижге келеді. Ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-қа жер аударылады, тек 1947 жылы ғана Францияға қайтып оралады. 1919 жылы өзінің атақты шығармасы «Адамзаттың алакөлеңкесі» атты антологиясын бастырады.
1924 жылы Берлин қаласында «Мафусаил» атты сатиралық драмасын жазып шығарады. Оның барлық шығармаларын экспрессионизм тарихында маңызды рөл атқарады. Шығармаларын үш тілде (неміс, француз және ағылшын) жазған.
Дереккөздер
Санат:29 наурызда туғандар Санат:1891 жылы туғандар Санат:Сен-Дье-де-Вожде туғандар Санат:27 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1950 жылы қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:Германия ақындары Санат:Франция ақындары Санат:АҚШ ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:Экспрессионист жазушылар Санат:Неміс жазушылары Санат:Неміс ақындары Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:Көптілді жазушылар