нобай|оңға|Жан-Луи Гез де Бальзак, 1685–1700 жыл Жан-Луи Гез де Бальзак (; 31 мамыр 1597 жыл, Ангулем – 18 ақпан 1654 жыл, Ангулем) — француз жазушысы.

«Хаттар» атты атақты шығармасын жазуды Италияда жұмыс істеп жүргенде бастайды. Бұл шығармасы француз әдебиетіне өзіндік үлесін қосады. Шығарма тек Францияға ғана емес, бүкіл әлемге танылады. 1631 жылы XIII Луи туралы «Тақсыр» (Le princе), 1652 жылы «Христиандық Сократ» (Le Socrate chrètien) атты тракттар жазады. «Аристипп немесе сарай туралы» (Aristippe ou De la Cour) атты саяси трактаты 1658 жылы басылып шығады. 1634 жылы Француз Академиясының алғашқы мүшелерінің бірі болып сайланады. Сондай-ақ латын өлеңдерінің жинағын шығарған (Tres libri carminorum, 1650).

Дереккөздер

Санат:1597 жылы туғандар Санат:31 мамырда туғандар Санат:Ангулемде туғандар Санат:1654 жылы қайтыс болғандар Санат:18 ақпанда қайтыс болғандар Санат:Ангулемде қайтыс болғандар Санат:Пуатье университеті түлектері Санат:Француз академиясы мүшелері Санат:Франция жазушылары Санат:Франция тарихшылары Санат:XVII ғасыр жазушылары