Пликативті дислокациялар – жер қыртысындағы тау жыныстары қабаттарының өз тұтастығын сақтай отырып, әртүрлі масштабта және пішінде иілімделуін қамтамасыз ететін деформациялар жиынтығы. Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4

Бұл дислокациялар нәтижесінде тектік ерекшеліктері мен пішіндік өзгешеліктері тұрғысынан сан түрлі иілімдер жүйесі, яки қатпарлар қалыптаспақ. Синонимі – қатпарлы бұзылыстар.

Дереккөздер

Санат: Геология Санат: Геофизика Санат: География