Бертілеуов Рахман Айбекұлы - 1952 жылы 20 қаңтарда Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Отрадный ауылында туған. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
1977 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінде оқиды. 1982 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының сурет-графика факультетінде станоктік кескіндеме бөлімінде оқиды. 1987 жылы О.Таңсықбаев атындағы көркем-сурет колледжінде сабақ береді. Бес рет жеке көрмесі өтті. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі. Қазакфильмде "Қадырдың бақыты", "Сиқырлы қарбыз" мультфильмдерін шығаруға қатынасқан. Абайдың, Жамбылдың 150 жылдық мерей тойларына арналған көрмелерге ат салысты. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының басқа да барлық көрмелерінен шет қалмаған. 2001 жылғы Мәскеуде өткен халықаралық көрмеге қатынасқан. 2000 жылы Гурьевте өткен көрменің қатынасушысы. көптеген әдеби кітаптардың көркем безендірушісі.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері